Әлемнің үздік жағажайлары аталды

TripAdvisor туристік сервисі саяхатшылардың пікірі мен әсері негізінде әлемнің үздік жағажайларының рейтингін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бас жүлде Бразилияның Фернанду-ди-Норонья топаралында орналасқан Байя-ду-Санчо (Baia do Sancho) жағажайына бұйырды. Сипаттамада оның алыста екені және оған тек тас баспалдақтармен жаяу төмен түсу арқылы жетуге болатыны айтылған.

Екінші орында Арубаның ең жұмсақ ақ құмды жағажайы саналатын Игл Бич (Eagle Beach) тұр. Сипаттамаға сәйкес, онда су мөп-мөлдір және су түбінде тастар немесе балдырлар жоқ. Тізімнің үшінші орнын Аустралияның Кейбл Бич (Cable Beach) жағажайы иеленді. Мұнда адамдар көп емес және құмды жағажай ретінде белгілі. Саяхатшылар бұл мекенді жүзуге және күннің батуын көруге лайықты мекен деп атаған.

Сонымен қатар, рейтингте әлемнің әр түкпіріндегі тағы 22 орын бар. Олардың қатарында Рейнисфяра жағажайы (Reynisfjara Beach) Исландияда, Грейс шығанағы (Grace Bay Beach) Провиденциалес, Фалезия (Praia da Falesia) Португалияда, Радханагар (Radhanagar Beach) Андаман мен Никобар аралдарында, Изола-деи-Конильи (Spiaggia dei Conigli) Сицилияда және басқалары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!