Әлемнің үздік әуежайлары аталды

Оман астанасы Маскаттағы халықаралық әуежайы AirHelp Inc. зерттеуіне сәйкес әлемнің үздік әуеайлағы атанды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

National мәліметінше, мамандар 4000-нан аса әуежайды уақытылылық көрсеткіштері, жолаушылар пікірі, дәлдік және басқа да критерилер бойынша саралаған.

Үздік бес әуежайдың тізімі мынадай:

  • Омандағы Muscat International Airport;
  • Бразилиядағы Recife/Guararapes – Gilberto Freyre International;
  • Оңтүстік Африкадағы Cape Town International;
  • Бразилиядағы Brasilia – Presidente Juscelino Kubitschek International;
  • Дохадағы Hamad International Airport.

Үздік ондыққа бразилиялық тағы екі хаб және жапондық үш әуежай енген. Оның ішінде токиолық Нарита да бар.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.