Қазақстан әлемдегі қауіпсіздік деңгейі бойынша рейтингте 76-орынға табан тіреді. Мұндай мәліметті Экономика және бейбітшілік институты 2023 жылы Жаһандық бейбітшілік индексі зерттеуі нәтижесінде ұсынған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
DailyMail, басылымының мәліметінше, зерттеу барысында 163 тәуелсіз мемлекет пен территория қамтылған, онда қоғамдық қауіпсіздік деңгейі, ішкі және халықаралық ұрыс, сондай-ақ милитаризация көрсеткіші ескерілген.
Соның нәтижесінде, Исландия - әлемдегі ең қауіпсіз ел болды (ондағы жанартау белсенділігі ескергеннің өзінде), екінші орын - Дания, Ирландия - үшінші және Жаңа Зеландия - төртінші орында тұр.
АҚШ алдыңғы рейтингтердегідей 131-орында тұр, оның алдында Оңтүстік Африка (130) .
Сегізінші жыл қатарынан Ауғанстан (163) әлемдегі ең қауіпті ел ретінде келеді, одан кейін Йемен (162), Сирия (161), Оңтүстік Судан (160) және Конго Демократиялық Республикасы (159).
Зерттеуге сәйкес, Еуропа әлемдегі ең бейбіт аймақ және ең бейбіт он елдің жетеуінің мекені екен. Қалған үш бейбіт ел Азия-Тынық мұхиты аймағында орналасқан. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка әлемдегі ең қауіпті аймақтар ретінде қала береді.
Қазақстан рейтингте 76-орынға ие болды. Өзбекстан 86-орында, Түркіменстан мен Қырғызстан сәйкесінше 100 -ші және 101-ші орында. Қытай 80-орынға ие болды, Түркия Иранмен бірге 147-ші орынды бөлді. Ресейге 158-орын бұйырған.
Әлемнің ең қауіпті әрі қауіпсіз елдері рейтингін толық тізімін мына жерден көре аласыздар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!