Сербиялық Numbeo сервисі әлем қалаларында өмір сүру индексін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Рейтинг бірнеше факторларға сүйене отырып жасалған: тұтынушылық баға, тұрғын үй құны және өмір сүру деңгейі.
Салыстыру үшін Нью-Йорк прайсы негізге алынған, оған базалық деңгей - 100 ұпай берілген. Қала небары 10-орын иеленді.
Әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінің ондығы мынадай:
- Гамильтон, Бермуд аралдары;
- Цюрих, Швейцария;
- Базель, Швейцария;
- Лозанна, Швейцария;
- Сан-Хосе, АҚШ;
- Женева, Швейцария;
- Сан-Франциско, АҚШ;
- Берн, Швейцария;
- Вашингтон, АҚШ;
- Нью-Йорк, АҚШ.
Рейтингте Алматы 270-орынға табан тіреген, ал Қазақстан астанасы 289-орында тұр. Орталық Азиядағы қалалар арасында Бішкеш - 332-орын, Ташкент - 330-орын иеленген.
Дубай 142-орынға жайғасқан, ал Ыстамбұл - 267-орында тұр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!