Әлемнің ең биік тау шыңына шығудың қаупі артып келеді

Жаһандық жылыну мұз жамылғысының қатты жұқаруына әкелді. Сондықтан Гималайға өрмелеудің қаупі артып келеді, - деп хабарлайды travel247 сайты.

Эвересті бағындыру кез келген альпинистің өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Жыл сайын 1,5 мыңнан астам экстремалды туризм әуесқойлары 5364 м биіктіктегі базалық лагерьге көтеріліп, сол жерден биік шыңға шығуға тырысады. Олар Гималайға өмірге қауіп төндірсе де ұмтылады. Жыл сайын өрмелеу кезінде бірнеше адам қайтыс болады. Бірақ қазір мұндай көтерілістер одан да қауіпті болды.

Жаһандық жылыну мұз жамылғысының қатты жұқаруына әкеп соқты. Сол себепті Непал билігі базалық лагерьді қауіпсіздеу орынға ауыстыруға дайындалып жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!