Әлемдік туризм 2019 жылмен салыстырғанда 85 пайызға төмендеді - UNWTO

COVID-19 жаңа штамдарының пайда болуы халықаралық туризмді терең дағдарыста ұстап отыр. Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы халықаралық туризм туралы есеп жариялады және бұл көрсеткіштерді 2019 жылмен салыстырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.

Статистикаға сәйкес, осы кезеңде шетелге барған туристер саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85 пайызға азайған. Сонымен қатар, осы жылдың бес айында халықаралық саяхатшылардың саны 2020 жылдың көрсеткіштерінен 65 пайызға төмен болды.

UNWTO мәліметінше, 2021 жылмен салыстырғанда 2019 және 2020 жылдардың бес айындағы халықаралық келу, сәйкесінше, 460 миллион және 147 миллионға көп болған.

Реклама
Реклама

UNWTO туризм тарихындағы ең үлкен дағдарыс екінші жыл жалғасып келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, ұйымның мәліметінше, халықаралық туризм біртіндеп қарқын алуда. Дегенмен коронавирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты қалпына келтіру "қиын және біркелкі емес" болып қала береді. Осы себепті бірнеше ел шетелдік туристер үшін тағы да шектеу шараларын енгізді.

Азия-Тынық мұхиты аймағында туристік ағын айтарлықтай төмендеді: 2021 жылдың алғашқы бес айында олар 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шетелдік келушілердің 95 пайызын жоғалтты. Кіру ағынының төмендеуі бойынша екінші орында Еуропа - 2019 жылға қарағанда 85 пайыз, үшінші орында Таяу Шығыс - 83 пайыз, одан кейін Африка - 81 пайыз және Америка - 72 пайыз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!