Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Әлемдегі үздік музейлер 180 миллион келушіден айырылды


2020 жылы коронавирус пандемияcына байланысты әлемдегі ең мықты 100 музей мен галерея 180 миллионға жуық келушіден айырылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Аtorus.ru басылымына сілтеме жасап.

Былтыр әлемдегі ең жақсы 100 музей мен көркем галереяға келушілер саны 77 пайыз төмендеді. Бұл туралы Art Newspaper жазды.

Art Newspaper жасайтын жыл сайынғы сауалнамаға сәйкес, ТОП-100 құрамына кіретін музейлер мен галереялар 2020 жылдың қорытындысы бойынша тек 54 миллион турист қабылдаған, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 230 миллионға жеткен.

Art Newspaper сарапшыларының пікірінше, әлемнің жетекші музейлерінің жалпы алғанда 41 000 күн карантинге жабылуы "112 жыл адам қабылдамау және жүздеген миллион фунт табыстан айырылғанмен" тең.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды