Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды

Вounce жүкті сақтау қызметі әлемдегі ең нашар әуекомпаниялардың рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, ең нашар компанияны таңдау критерийлері ретінде туристердің шағымдары бірінші кезекте ескерілді. Сонымен қатар, орындықтардың ыңғайлы болуы, ұшу кезіндегі ойын-сауық, тамақтану және жүкті жеткізу ережелері сияқты критерийлер талданған.

Әр критерий бойынша қызметке бірден бастап бес ұпайға дейін баға қойды. Колумбиялық Viva Air Columbia рейтингте ең төменгі орынды тұр. Ол барлық көрсеткіш бойынша "минус бірлігін" алды. Португалиялық TAP әуекомпаниясына алты айда ең көп шағым түскен - 1430 рет. Еуропалық лоукостерлер, негізінен, жүк тасымалдау қызметіне байланысты ұтылады.

Жолаушылар берген бағамен толық анти-рейтинг мынадай:

Viva Air Columbia - Колумбия, 3,4 ұпай;
Viva Aerobus - Мексика, осы анти-рейтингтің тағы бір көшбасшысы Ryanair компаниясына тиесілі лоукостер 3,6 ұпай;
Volaris Airlines - Мексика, 4 ұпай;
Ryanair - 4,2 ұпай;
Interjet - тағы бір мексикалық компания 4,6 ұпай;
Vueling Airlines - Барселонада базасы бар испаниялық лоукостері, 5 ұпай;
Easyjet - Ұлыбритания, 5,3 ұпай;
TAP - Португалия 5,3 ұпай;
Украина халықаралық желілері - 5,3 ұпай;
Swoop - Канада, 5,8 ұпай.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!