Әлемдегі ең ұзын лайнар айлаққа соқтығысты. Видео

Royal Caribbean тиесілі әлемдегі ең ұзын круиз лайнері The Harmony of the Seas Ямайкада айлаққа соқтығысты. Оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды The Independent.

Оқиға таңғы 7 шамасында болған, ұзындығы 362 метр болатын лайнер елдің солтүстік жағалауында орналасқан Фалмут портына тоқтауды көздеген. Сол кезде бортында 6687 жолаушы болған. 

Реклама
Реклама

Видеодан баяу жүзіп келе жатқан кеменің пирсқа соқтығысқанын байқауға болады. Сондай-ақ, кеме жолаушыларының айғайлаған дауысы естіледі. 

Басылым мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Royal Caribbean мәліметінше, кемеге аздаған зақым келген, алайда соған қарамастан ол круизді жалғастырған. Бірақ айлаққа бір апталық жөндеу жұмыстары қажет. Алдын ала болжам бойынша, бұл жағдайға порттағы лоцман кінәлі болуы мүмкін. 

Video of Royal Caribbean’s Harmony of the Seas crashing into the dock in Falmouth, Jamaica this morning. pic.twitter.com/cbFULNPe2w

— Ben Bearup (@TheAviationBeat) May 27, 2022

2019 жылы желтоқсанда әлемдегі ірі круиз лайнерлерінің бірі Италияның Палермо қаласындағы бетон айлаққа соқтығысқан еді.