Әлемдегі ең үздік әуежайлар аталды

Әлемнің үздік әуежайы анықталатын World’s Top 100 Airports 2021 рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі worldairportawards.com сайтына сілтеме жасап.

Skytrax британиялық жеке консалтингтік компаниясы 100 елден келген жолаушылар сауалнамасы негізінде рейтинг жасады. Жолаушылар 500 әуежайды бағалаған. Әлемнің үздік әуежайларын анықтау кезінде инфрақұрылым, кезектердің болуы, сервис және персоналдың жолаушыларға қатынасы ескерілді.

Реклама
Реклама

Тізімде бірінші орынды Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы (Катар), екінші орынды Токиодағы Ханеда әуежайы (Жапония), үшінші орынды сингапурлық Чанги әуежайы, төртінші орынды Оңтүстік Кореядағы Инчхон халықаралық әуежайы иеленді. Нарита қаласындағы Жапон халықаралық әуежайы алғашқы бестікті жабады.

Хамад халықаралық әуежайы - 1 орын. Сайттан фото www.facebook.com/HIAQatar 

Токиодағы Ханеда әуежайының терминалы - 2 орын. Фото @Shutterstock

Оңтүстік Кореядағы Инчхон халықаралық әуежайы - 3-орын. Фото @Shutterstock

Сингапурдағы Халықаралық Чанги әуежайы - 4-орын. Фото @Shutterstock

Алтыншы және жетінші орындарды Мюнхендегі (Германия) Франц-Джозеф Страус әуежайы және Цюрих әуежайы (Швейцария) алды. Сонымен бірге Мюнхен Еуропадағы ең үздік әуежай деп аталды.

Лондондағы Хитроу халықаралық әуежайы 20-25 миллион жолаушы санатындағы әлемдегі ең жақсы әуежай деп танылды және үздіктер рейтингінде сегізінші орынға ие болды.

Жапониядағы тағы бір әуежай тоғызыншы орынға ие болды. Бұл - Осака қаласының маңындағы Кансай әуежайы. Қытайдағы Гонконг әуежайы ондықты жапты. Ол, сонымен қатар, Қытайдағы 35-45 миллион жолаушы санатындағы ең үздік әуежай атанды. Қытайдағы қызметкерлері ең жақсы әуежай марапатына да ие болды.

Бір жыл ішінде өткен жылғы рейтингтің 102-орнынан 2021 жылғы тізімнің 17-орнына ауысқан Ыстамбұл әуежайын атап өткен жөн. Бұл хаб әлемдегі жаңарған ең үздік әуежай деп танылды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!