Әлемдегі ең үздік 100 жағажай анықталды

© pixabay.com/Studio_Iris

Lonely Planet "әлемдегі ең керемет 100 жағажай" атты жаңа кітабын ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Lonely Planet "әлемдегі ең керемет 100 жағажай" атты жаңа кітабын ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

Жинақтан жағажайлардың суреттерін тамашалап, әр локацияға қалай жетуге болатындығы туралы ақыл-кеңестерді оқуға болады. Сонымен қоса онда жағажайдың не себепті үздіктер қатарына қосылғаны туралы түсініктеме бар. Тізімге Британ аралдарындағы 5 жағалау, сондай-ақ Кариб теңізі, Грекия, Гавайи, Сейшел аралдары, Кейптаун және Австралияның жағажайлары да енгізілген.

Реклама
Реклама

"Осы экспозиция арқылы өзіңіз үшін әлемдегі ең таңғажайып жағажайлардың түр-түрін, оның ішінде үңгірлерді, шығанақтарды және аркаларды; мистикаға толы тұман басқан жағажайларды; қалалық және серфингке арналған жағажайларды ашыңыз. Әлемдегі ең таңғаларлық жағажайларды назарларыңызға ұсынамыз", - делінген Lonely Planet алғысөзінде.

Lonely Planet Таиландтағы Пхи-Пхи аралын сипаттай отырып, оның жағажайы 2022 жылдың 1 қаңтарында туристер үшін қайта ашылғанын атап өтті. Бұған дейін жағажай төрт жыл бойы реконструкциялық жұмыстарға байланысты жабылған көрінеді.

"Майя шығанағы, тіпті, "Голливудтың тропикалық жұмақ" стандарттарына сай келеді. Дәл осы жерде Леонардо Ди Каприо басты рөлді сомдаған "Жағажай" блокбастері түсірілген болатын", - деп атап өтті Lonely Planet.

Сонымен қатар Океаниядағы ең таңғажайып жағажайлар тізімінен Нануйя Лайлайдағы Blue Lagoon жағажайын, Фиджидегі Ясава аралдарын, Уполудағы Лаломану жағажайын, Самоаны, сондай-ақ Тапуаэтаи жағажайын, Айтутаки аралын және Кук аралдарын көруге болады.

Африка жағажайларына келер болсақ, жинаққа Кейптаундағы Кемпс Бэй жағажайы, Занзибардағы Мнемба аралы, Маврикийдегі Ле Морн жағажайы, Мадагаскардағы Нози Иранжа және Сейшел аралдарындағы Анс Сорс Д'Арган жағажайы енгізілген.

Lonely Planet кітабындағы үздіктер қатарында Үндістандағы Андаман аралдарындағы Радханагар жағажайы, Гоадағы Палолем жағажайы, Мальдив аралдарындағы Фулхаду аралы, Индонезиядағы Падар аралы және Азия құрлығындағы көптеген көзтартарлық жер бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная