Әлемдегі ең үлкен айсберг еріп кетті

Әлемдегі ең үлкен айсберг A68 еріп кетті. Ол бірнеше кішкене бөлікке бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

2017 жылы Антарктика түбегінің Ларсен мұздығынан бөлінген айсбергтің ауданы 5800 шаршы шақырым болған. Оның шамамен салмағы бір триллион тонна. Алайда соңғы спутниктік мәліметтерге сәйкес, ірі айсберг еріп, кішкене бөліктерге бөлініп, жоғалып кеткен.

АҚШ Ұлттық мұз орталығының зерттеушілері бұл айсбергті бақылау мүмкін емес деп мәлімдеді. Айта кетейік, бұл орталық ұзындығы 20 шақырымнан асатын антарктикалық айсбергтерге атау беріп, бақылап отырады және құжат жасайды.

A68 Атлант мұхитына қарай жылжи бастаған соң, уақыт өте келе жылы су мен ауа температурасының әсерінен ери берген. Бара-бара кішігірім бөліктерге бөлінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!