Әлемдегі ең үлкен акула Хургада жағажайында жүзді

Сүңгуірлер Хургададан оңтүстікке қарай әлемдегі ең үлкен акуланы көріп қалды. Бұл акула адамдарға қауіпсіз және ол жексенбіде Қызыл теңізде жүзген, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, Қызыл теңіздегі құтқару және қоршаған ортаны қорғау қоғамының кеңесшісі, дайвинг орталығының директоры және қоғам мүшесі, капитан Валид Борай Хургаданың оңтүстігіндегі круиз кезінде бейбіт акуланың жүзіп жүргенін байқайды. Сүңгуірлер сирек кездесетін қонақты суретке және видеоға түсірген.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, Қызыл теңізде сирек кездесетін акуланың пайда болуы туристер үшін де қызығушылық тудырады.

"Мұндай сирек кездесетін теңіз балықтарының пайда болуы туризм үшін жақсы нәтиже береді. Кейде Қызыл теңізде пайда болатын сирек кездесетін түрді кездестіруге деген үміт Мысыр курорттарының жанындағы суасты әлеміне қызығушылық танытатын туристерді қызықтырады", - деді ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!