Әлемдегі ең танымал жағажайдың бірі туристер үшін қайта ашылады

Грек Закинтос аралындағы туристер арасында танымал Навагио жағажайы демалушылар үшін қайтадан ашылуы мүмкін. Елдің Туризм министрлігі жағажайдың 2022 жылы ашылуына сенеді, - деп хабарлайды Kaztengritravel.kz тілшісі Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Навагио жағажайына жыл сайын миллионға жуық турист келетін. Ол Грекияда акрополистен кейінгі екінші танымал суретке түсетін орны болды. Бірақ 2018 жылдың қыркүйегінде бұл жерде көшкін болды. Салдарынан 7 адам зардап шекті, билік жағажайды жабу туралы шешім қабылдады.

Навагио грек тілінен аударғанда "кеме апаты" дегенді білдіреді. Бұл жер әлемдегі ең танымал жағажайлардың ондығына кіреді: мұнда 40 жыл бұрын батып, жағаға лақтырылған ескі контрабандалық кеме бар.


Навагио жағажайы, Грекия. Фото @Shutterstock

Грекияның туризм министрі Харрис Теорахис бірінші кезекте Навагионың табиғи ерекшелігін сақтап, туристер үшін "ойын-сауық" жасамау міндеті тұрғанын айтты. Екіншіден, туристердің қауіпсіз қолжетімділігі мен еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету қажет.

Министрдің айтуынша, қорғаныс шараларынсыз жағажайда орналасқан кеме апатының ерекше орнын жоғалту қаупі бар. Қысқы уақытта қатты толқындар сол жерлерде тасталған кемелерді екі бөлікке бөліп тастауы мүмкін.


Навагио жағажайы, Грекия. Фото @Shutterstock