Әлемдегі ең ірі 10 қала

© pixabay.com/sofi5t

2022 жылы 15 қарашада әлемдегі адам саны 8 миллиардқа жетті. Кей зерттеушілер XXI ғасыр ортасына таман ғаламшардағы адам саны 8,8 миллиардқа жетіп, қайта азая бастайды деген болжам жасады. Ал өзге ғалымдар 2080 жылдары адамзат 10 миллиардтан асатынын айтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы 15 қарашада әлемдегі адам саны 8 миллиардқа жетті. Кей зерттеушілер XXI ғасыр ортасына таман ғаламшардағы адам саны 8,8 миллиардқа жетіп, қайта азая бастайды деген болжам жасады. Ал өзге ғалымдар 2080 жылдары адамзат 10 миллиардтан асатынын айтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Адам саны артқандықтан әлемдегі үлкен қалалардың тұрғындарының саны да артты. Мамандар адам санының көптігі қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады деп қорқады.

Реклама
Реклама

Төменде әлемдегі адам саны ең көп 10 қалаға тоқталайық.

Токио, Жапония - 37,4 миллион адам. Бұл мегаполис аумағы 13 452 шаршы шақырым. Бұл дегеніміз 1 шақырым жерде 2 642 адам тұрады деген сөз. Осыған байланысты қалада баспана мен қоғамдық көлік жетіспеушілігі артты.

Дели, Үндістан - 29,3 миллион адам. Бұл аумаққа Нью-Дели (яғни астана) және бірнеше аймақтық штаттар кіреді. Қаланың инфрақұрылымы ескірді, ал шаһардың барына екі мың жыл болыпты. Делидің басты қиындығы өнеркәсіп салдарынан айналаның ластануы мен баспананың жетіспеушілігі.

Шанхай, Қытай - 26,32 миллион адам. Баяғыда Шанхай кішкентай ғана ауыл болған екен. Ал қазіргі таңда бұл заманауи сауда орталықтары мен дәстүрлі асханалар орналасқан Нанкин-роуд ауданы бар үлкен шаһар.

Сан-Паулу, Бразилия - 21,8 миллион адам. Бұл "қайшылықтар қаласы". Мұнда асқан кедейшілік пен астамшылыдық қатар кездеседі. Бұл қалада аспан тіреген ғимараттар мен шаршаған лашықтардың қатар тұрғанын көре аласыз. Сан-Паулудың басты қиындығы - ол айналасында ішуге жарамды су қоймаларының жоқтығына байланысты ауыз су тапшылығы.

Мехико, Мексика - 21,6 миллион адам. 1900 жылы бұл қалада 500 адам тұрған екен. Алайда ауыл-ауылдан көшіп келушілер қатарынан 1970-жылы халық саны 9 миллионға жетіпті. Баспана жетіспеушілігі басталғаннан кейін қала маңында заңсыз салынған лашықтар пайда бола бастаған екен.

Каир, Мысыр - 20,4 миллион адам. Бұл қалада Мысырдың 11 пайызы тұрады. Шаһарда көлікпен қиындық бар және ара-тұра қаланы құмды дауыл басып қалады.

Дакка, Бангладеш - 20,2 миллион адам. Мұнда діни шаралар, фестивальдер көп өтеді. Бірақ бір жаманы жауындар маусымында қаланы су басып қалады екен.

Мумбаи, Үндістан - 20,1 миллион адам. Бұл елдің сауда және қаржылық орталығы. Шаһардың басты қиындығы көшедегі ластық пен тұрғын үйлердің сапасыздығы. Ал жолдардағы көлік жүрісі тіптен нашар.

Бейжің, Қытай - 21,54 миллион адам. Қала тұрғындары кәсіпорындар мен көлік түтіні, жиі соғатын шаңды дауыл салдарынан үйде отыруға кеңес беріледі.

Осака, Жапония - 19,2 миллион адам. Мұндағы адамдар үнемі болатын кептеліс пен лайықты баспана тапшылығы сияқты қиындықтарға тап болады екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная