Әлемдегі ең нашар туристер қай елден екені анықталды

Швейцариялықтарды өзге елдерде (күтпеген жерден) тәртіпсіз, орыстарды - әрекетін болжауға келмейтін, ал италиялықтар - сараң деп ойлайды екен. Тonkosti.ru басылымы абыройдан жұрдай болған саяхатшылар бойынша антирейтинг жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

5. Франциялықтар

Франциялықтар әлемнің қай бұрышына барса да бәрі олардың тілін естігенде қуанып кетеді деп ойлайды - осы үшін оларды жақтырмайды. "Біз ағылшынша сөйлесек ұнатпады. Олармен түсінісу үшін Морзе әліппесін үйреніп алу керек па деп ойладым", - дейді ыстамбұлдық кеңесші.

"Маған сонша қарағаны, испан тілінде сөйлегенім үшін. Франциялықтар қасыңда тұрса, Испанияда да испанша сөйлеуге болмайды", - дейді жергілікті тұрғын.

4. Ағылшындар

Көршілерінің сөзінше, британиялық туристердің басты кемшілігі - ішімдікке құмарлық пен дөрекілік: "Ішіп алады да, төбелеседі". Ал Ирландия Ұлыбританияның бір бөлігі есептеп, фунт стерлингпен есеп айырысқысы келтіндерге ирландиялықтар тіпті аң-таң.

3. Германиялықтар

Германиялықтар өздерін дұрыс ұстай алмайды екен: әр түрлі елдердің адамдарына таңғы 4-ке келіп, жағажайдан орын алып қою мен сандалды шұлықпен кию мәнері ұнамайды. Ал негізігі себеп - немістердің өзге мәдениет пен тілге құрметсіздігі екен.

Кейбіреулер үшін германиялық туристермен тілдесу мүлде ауыр болып кеткен ұқсайды. "Туризм саласында 3 жылдай жұмыс істедім, немістер үшін мұнымен енді айналыспаймын", - дейді бұрын гид болған адам.

2. Қытайлар

Қытайлардың Еуропаға кеуліне тыйым салу керек деп жатқандар бар екен. "Көпір үстіне мініп алған қытайлармен төбелесіп қала жаздадым. Мен көпірден өтуім керек, олар болса осы үшін маған ызаланып тұр. Оның үстіне қоқысты көрінген жерге лақтыра береді" - дейді венециялық тұрғын.

1. Америкалықтар

Көп наразылық америкалықтарға екен: олар тым шулы, даңдайсып қалған және ақымақ көрінеді. "Америкалықтар өзге адамдар саңырау сияқты айғайлап сөйлейді", - деп жазыпты бір еуропалық Reddit форумында.

"Амеркиалықтар өздерін өзгелерден артық санайды. Алайда өздері кітаптан тек "Гарри Поттерді" ғана оқыған ұқсайды, өйткені барған жердегі көркем орындарды сол кітаптағы локациялармен ғана салыстырады".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!