Әлемдегі ең қымбат пәтер қанша тұрады және қайда орналасқан?

Нью-Йорктің қақ ортасындағы құны 250 миллион тұратын үш қабатты Central Park Tower пентхаусы ең биік жеке резиденция ретінде есептеледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Америкалық Enes Yilmazer атты Youtube-блогер әлемдегі ең қымбат баспанаға кіріп, ол туралы ролик жария етті.

"Нью-Йорктен 472 метр жоғары, 129-қабаттағы Central Park Tower пентхаусы, ең биікте орналасқан 133 шаршы метрлік терассасы бар. Патшаның бөлмелері, әйнек қабырғалары, мегаполис толық көрінетін панорамалық терезелер, еңселердің биіктігі 9 метр және мұнымен ғана шектеліп қалмайды", - дейді блогер.

Бұл сатылымға қойылған ең қымбат пәтер: лот құны 250 миллион доллар.

"Бұл жерден саяжай кішкентай ғана сияқты көрінеді. Ал Орталық саяжайдағы көлшік тіптен алақанға сыйып кететіндей", - деп жалғасытрды блогер.

Автор мұндағы бөлмелерді өз қалауыңша өзгертуге болатынын атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!