Әлемдегі ең қонақжай елдер аталды

Passportindex.org төлқұжаттар индексінің сарапшылары әлемдегі ең қонақжай - турситерді визасыз немесе жеңілдетілген визамен қабылдауға дайын елдер тізімін жариялады. Бұл тізімде "ең қонақжай" Мальдив аралдары болып шықты, олар 198 елден туристерді қабылдауға дайын екен, бұл дегеніміз әлемнің барлық елдері деуге болады. Одан кейін Сейшел аралдары - 197 ел. Ал біздің демалушылар жиі баратын Мысыр тек 31-орында, Түркия - 29. Көршіміз, Өзбекстан - 26-орынға шыққан. 77 елді визасыз қабылдайтын біздің еліміз рейтингте 57-орында тұр.

Дерек үшін айта кетейік, тізімге кірген 86 алты елдің ең соңында Солтүстік Корея, Ауғанстан және Түркменстан тұр. Бұл елдер визасыз ешкімді кіргізбейді, бірақ бұл мемлекеттерге құлшыныс танытып отырғандар да шамалы. Бұлардан сәл жоғары Макао, Ливия, Эритрея мен Бутан тұр, мұның үстіне Бутан туристерден көлемді салық алады екен.

passportindex.org сайтынан скриншот

Реклама
Реклама

Жалпы тізім мынадай:

  • Ангола, Джибути, Гвинея, Мальдив аралдары, Комор аралдары, Сомали, Боливия, Шығыс Тимор, Малави, Катар, Микронезия, Бурунди, Гвинея-Бисау, Нигерия, Тувалу, Самоа, Габон, Кот-д'Ивуар, Оңтүстік Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Руанда, Камбоджа, Эфиопия - 198 ел;
  • Сейшел аралдары, Того, Уганда, Кабо-Верде, Мавритания, Суринам - 197 ел;
  • Палау, Доминика, Мадагаскар - 196 ел;
  • Малайзия - 195 ел;
  • Лесото - 194 ел.

Ары қарай, туристер арасында біраз танымал Шри-Ланка 7-орынға жайғасыпты, визасыз 192 елдің азаматын кіргізеді; Куба - 12-орын, 178 елден туристті визасыз қабылдайды; 41 - Израиль - 99 ел, БАӘ және Таиланд 56-орында тұр, бұл елдер 82 елдің азаматын визасыз кіргізуге дайын.