Әлемдегі ең керемет қонақүйлер аталды

TripAdvisor Travellers Choice 2021 халықаралық сыйлығының қорытындысы бойынша әлемнің үздік қонақүйі Грамадода (Бразилия) орналасқан Hotel Colline de Franc деп танылды. Толық тізім TripAdvisor онлайн-қызметінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бразилиялық Hotel Colline de France ыңғайлы орналасуы, тазалығы, қызмет көрсету деңгейі және баға мен сапа арақатынасы үшін ең жоғары ұпайға ие болған.


Hotel Colline de France қонақүйі © panrotas.com.br

Екінші орында швейцариялық Церматта орналасқан Тhe Omnia қонақүйі болды. Қонақтар бұл мекеменің ерекше интерьерін атап өтті - оған тікелей жартас арқылы кіруге болады. Сонымен қатар, туристерді таулар мен бөлмелердің терезесінен ашылатын қаланың көрінісі, сондай-ақ керемет таңғы ас таңғалдырды.

Тhe Omnia қонақүйі

Үшінші орынды грекиялық Sani Dunes иеленді - бес жұлдызды қонақүй саяхатшыларды "талғампаз және тыныш" атмосферасымен, қызметкерлердің жоғары кәсібилігімен баурап алды. Сонымен қатар, қонақтарды ас үй және йога, садақ ату, баскетбол сияқты көптеген іс-шара қызықтырды.

Sani Dunes қонақүйі

Үздіктердің қатарында Мальдив, Индонезия, Грекия, Түркия, Италия және Мексиканың бірнеше қонақүйі болды. Премиум орналастыру нысандарының тізіміне көптеген қонақүй кіреді - отбасылық курорттардан бастап жеке пәтерлерге дейін бар.

Рейтинг TripAdvisor веб-сайтындағы миллиондаған пікір, саяхатшылардың ойы мен әсірінің негізінде жасалған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.