Әлемдегі ең жақсы әуежай бизнес-лаундждары туристерді несімен таңғалдырады?

Кейбір әуежайларда жанға жайлы демалыс бөлмелері болады. Олар бизнес-зал немесе лаундж деп аталады. Осындай бөлмелердің жайлы болғаны соншалық, жолаушылар рейстің кешігіп келуін қалап, залдан тіпті шыққысы келмейді. Өйткені, онда аққайнар құйылып, тіскебасар ұсынылады, ыңғайлы күту залдары, жұмсақ дивандар, бильярд бөлмелері және тағы да басқа қызметтер, рейсті ұзақ күтіп, шаршамас үшін жанға жайлының бәрі бар. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі сізге әлем әуежайларындағы ең жақсы бизнес-залдар жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

Тікелей рейске отырар кезде, сіз тек тіркелуге келіп, күтуге көп уақыт жоғалтпайтыныңыз анық. Бірақ кейде рейсті күту үшін бірнеше сағаттар немесе тіпті түні бойы отыруға тура келеді. Мұндай жағдайларда бизнес-залды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы болмақ. Айтпақшы, ондай залға кіру үшін міндетті түрде бизнес-класпен ұшып немесе қомақты ақша төлеу қажет емес.

Бизнес-залда не бар?

Бизнес-залдарда жұмсақ креслолар мен дивандар, жылдам және қолжетімді интернет, бар, мейрамхана және буфет бар. Көшірме, факс, телефон зарядтағыштар, теледидар, газеттер мен журналдар тегін. Кейбір әуежайларда арнайы ұйықтауға арналған бокстар, массаж орындықтары, душ кабиналары, киім ауыстыратын бөлмелер, ойын алаңдары, іскерлік кездесулер алаңдары, сұлулық салондары мен спа-салондар бар.

Бизнес-залдар әртүрлі болады: әуе компаниясына тиесілі, желілік және әуежай залдары. Үшіншісі сирек кездеседі, өйткені әуежайлар тек орынды жалға береді. Әуежайларда әртүрлі әуе компанияларының көптеген немесе тіпті ондаған бизнес-залдары болуы мүмкін. Дүниежүзінде бизнес-залдардың желілері бар. Мысалы, Priority Pass және Lounge Key. Оларды кез келген адам пайдалана алады, кіру жарнасын төлесеңіз жеткілікті. Көптеген туристер мұндай залдарға қалай тегін кіріп, қызметін пайдалану жолдарын біледі десек, артық айтпаған боламыз.


@pixabay

Бизнес-залға қалай кіруге болады?

Лаунджға бір реттік кіру әуежайдың жұмысына байланысты 30 доллардан 300 долларға дейін (13 000 - 136 000 теңге) болуы мүмкін. Ал жұмсалған уақыт бірнеше сағатпен шектеледі. Кейбір туристер абонемент те сатып алады, бірақ жылына бір немесе екі рет қана демалысқа баратындар үшін оны сатып алудың қажеті шамалы.

Бизнес-залдар бизнес-класс жолаушыларының барлығына қолжетімді. Қалғаны - әуежайдың шарттары рұқсат етсе, кіру ақысын төлеуіне болады. Егер сіз төлегіңіз келмесе, қызметкерлерден қосымша ақы үшін кіруге рұқсат сұраңыз. Сондай-ақ, абонементі немесе билеті бар басқа жолаушылармен келісіп, кіруге болады.

Тағы бір жолы - кез келген банктің премиум төлем картасын алу. Оған бонус ретінде сақтандырудан басқа, әдетте Priority Pass береді. Бұл рұқсат қағазы немесе жылына бірнеше тегін рұқсат қағаздар болуы мүмкін.

Әлемде жүздеген бизнес-залдар бар. Барлығы жайлы айту мүмкін емес. Біз туристер баратын дүниежүзіндегі әуежайлар ішінен ең танымал бес бизнес-залды таңдадық.

Changi International Airport Сингапур залы

Бұл бизнес-залда ерекше атмосфера орнаған, өйткені мұнда көбелектер ұшып, құстар ән салып, су қоймаларында алтын балықтар жүзеді. Мұнда жанды музыка да тыңдай аласыз. Біз рейс туралы хабарландыру айтатын қатты дыбысты естуге үйренген әуежай сияқты емес, солай емес пе? Ерекше қызықты сүйетіндер немесе жай ғана көңіл көтеруді қалайтындар үшін бірнеше қабаттан тұратын сырғанақ бар. Оған отырғызу билеті бар туристер ғана емес, қосымша ақы төлеп, барлығы да отыра алады.

View this post on Instagram

A post shared by @chenze.1986

Heathrow әуежайындағы British Airways залындағы ағылшындық ұстамдылық пен ерекше талғампаздық

Мұндағы бизнес-зал бутикке ұқсайды, онда Swarovski кристалдары жарқыраған люстралар, ағылшын стиліндегі каминдер, эксклюзивті креслолар және табиғи түрдегі авторлық ағаштан жасалған жануарлар мүсіндері. Конференц-залда ыңғайлы жұмыс істеу үшін авиациялық сән-салтанаттың символы болып саналатын жоғары жылдамдықты лайнерлерден қойылған орындықтар бар.

View this post on Instagram

A post shared by Jadryl Delima (@jady0725)

Франкфурт-на-Майне әуежайындағы Lufthansa Business Lounge кәдімгі мұражай іспетті

Ең жақсы лаундждардың бірі - Франкфурт-на-Майне әуежайында орналасқан Lufthansa First Class Terminal. Бұл жай бизнес-зал емес, бұл тұтас терминал, оны аралау мұражайға барғанмен тең. Аймақтың өз бақылау-өткізу пункттері, жеке қауіпсіздік жүйесі және ұшу-қону жолағында әуекемелеріне маршруттық қызметі бар. Ұшақты күту кезінде жолаушылар қара шыны шаршы сияқты жеке бөлмелерге орналастырылады. Соңғысы мәрмәрдан жасалған және гардероб, былғары креслолар, айналар және тропикалық жауын-шашын іспетті душпен жабдықталған.

View this post on Instagram

A post shared by Kara Buchanan (@ciao.kara)

Джон Кеннеди атындағы әуежайдағы Virgin Atlantic JFK Clubhouse - ең талғамға сай лаундж

Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдағы бизнес-залдың ашылғанына көп болған жоқ. Ол 900 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр және құны 7 миллион долларға бағаланады. Ішінде алтын цилиндр шамдармен безендірілген бұлт пішінді бар орналасқан. Қонақтар қызыл шарлардан жасалған диванда демалып, бильярд ойнай алады.

Цюрих әуежайындағы SWISS First Lounge

SWISS First Lounge SWISS, Lufthansa және Star Alliance серіктестерінің тұтынушыларына қызмет көрсетеді. Мұнда жолаушылар ас мәзірі мен талғампаз шарап тізімі бар мейрамхананы, Альпі тауларына қарайтын террассадағы фондю мен раклет, панорамалық терезелері бар қонақүй нөмірлерін, Bvlgari интерьері және ыңғайлы душ кабиналарын пайдалана алады. Мұнда конференц-зал да бар. Шенген аймағындағы саяхатшылар жақын маңдағы терминалға лимузинмен бара алады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.