Әлемдегі ең биік ғимаратта туристерден неге дәретке бармауды сұрайды?

© pixabay.com/mufaddalap

Әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы "Бурдж-Халифа" мұнарасы. Оның биіктігі 828 метр, 163 қабаттан тұрады. БАӘ-ге осы ең биік мұнараны тамашалап, оның орта бөлігіндегі қарау алаңына шығу үшін жыл сайын миллиондаған туристер келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rambler Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы "Бурдж-Халифа" мұнарасы. Оның биіктігі 828 метр, 163 қабаттан тұрады. БАӘ-ге осы ең биік мұнараны тамашалап, оның орта бөлігіндегі қарау алаңына шығу үшін жыл сайын миллиондаған туристер келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rambler Travel.

"Бурдж-Халифаның" ішінде не бар?

Бірнеше қабаты Дубайдағы ең қымбат қонақүйге тиесілі. Өзге қабаттардағы ең қымбат аппартаменттер миллион еуродан басталады. Сонымен қоса, мұнда обсерватория, айналаны тамашалуға арнлаған алаң, мейрамхана мен кеңселер бар.

Реклама
Реклама

Осылайша, әлемдегі ең биік ғимаратқа күніне мыңдаған адам кіріп-шығады, лифтке мінеді және өзге де инфрақұрылымды пайдаланды. Алайда "Бурдж-Халифада" туристер мен онда жұмыс істейтіндерді де қатты қажет болмаса, дәретхананы қолданбауын сұрайды. Бұл кәріз жұмысының қиындығына байланысты екен.

Қызметкерлер мен мұнарада істейтіндер үшін ең төменгі қабаттар мен көршілес "Дубай Моллда" арнайы дәретханалар бар.

"Бурдж-Халифадағы" дәретханалар неге жоқ?

Шындап келгенде мұнарада кәріз жүйесі мүлде жоқ екен. Күнделікті нәжісті алып кетуге бірнеше арнайы көлік келеді.

Аспан тіреген ғимарат салуға 1,5 миллиард доллар жұмсағанда кәріз жүйесіне ақша аяды ма деген орынды сұрақ туады.

Мәселе "Бурдж" салынып біткенде, Дубай 2008 жылы әлемдік дағдарыстан енді ес жиып жатқан. Сондықтан қала басшылығы мұнараны онсыз да жұмысы қиындап тұрған кәріз жүйесіне қосу артық шығын деген шешімге келді.

Бұл жобаны жасаушылар қоқысты күнде шығарып отыру арзанға түседі деген тұжырымға келді. Дегенмен бүгінгі таңда бұл мәселе қиындық тудырып жатқандықтан, кәріз жүйесін 2025 жылға дейін қайта құру туралы шешім қабылданды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная