Әлемдегі ең алып лайнер осы айда алғашқы саяхатына шығады

Видеодан үзінді

Icon of the Seas ("Теңіз иконасы") атты әлемдегі ең үлкен круиз лайнері осы айда Майами портынан алғаш рет саяхатқа шығады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sputnik басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Icon of the Seas ("Теңіз иконасы") атты әлемдегі ең үлкен круиз лайнері осы айда Майами портынан алғаш рет саяхатқа шығады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sputnik басылымына сілтеме жасап.

Ол мөлшерімен ғана таңғалдырып қоймай, әлемде сұйытылған табиғи газ арқылы қозғалатын кеме болмақ. Мұндай дүрбелең тек әйгілі "Титаник" кезінде болған екен. Icon of the Seas кемесі өткен ғасырдың кемесінен екі есе дәу, ал салмағы бес есе көп.

Реклама
Реклама

БАҚ мәліметінше, кеме биыл 27 қаңтарда саяхатқа шығады. Icon of the Seas демалушыларды Кариб теңізіне круизге апарады. Бес мыңнан аса саяхатшы алып-кемеге мінуге асығып отырған көрінеді.

Icon of the Seas 20 палубасы бар. Онда 7 бассейн және 6 экстремалды әткеншек бар. Сондай-ақ, 17 метр болатын сарқырама бар, ең биік су әткеншегі және ең үлкен аквапарк те осында болмақ. Лайнердің ұзындығы 365 метр, ал ені - 50 метр. Бұл дегеніміз шамамен үш футбол алаңы.

Лайнерге 7600 жолаушы және 2350 экипаж мүшелері міне алады. Көптеген дүкендер, мейрамханалар, кафе, джакузи, субұрқақтар және концерт залдары бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная