Tripadvisor туристтік сервисі әлемнің ең көркем орындарын атады. Рейтинг түрлі елдердің саяхатышлары 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың сәуірі арасында қалдырған пікірлері негізінде жасалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Осылайша, Tripadvisor тұжырымынша, туристтер үшін әлемдегі ең жақсы орын Барселонадағы Саграда Фамилия (Қаситетті отбасы соборы) болып шықты. Сипаттамада ғимараттың сәулетші Антонио Гаудидің ең әйгілі еңбектерінің бірі екені айтылады. Ғибадатхана 1882 жылдан бері салынып келеді, ал қаржы тек қайырымдылық есебінен түседі екен.
Ал үздік ондыққа Римдегі Колизей, Амстердамдағы Анна Франк үйі, Дубай субұрқағы, Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг және Орталық саяжай, Париждегі Орсе мұражайы және Эйфел мұнарасы, Римдегі Треви субұрқағы мен Севильядағы Испания алаңы кірді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!