Әлемдегі ең әдемі он ұлттық би

Би - халықтың тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын және басқа ерекшеліктерін ашатын мәдениеттің үлкен бөлігі. Би белгілі бір елдің өміріне енуге, оны түсінуге және кейде жақсы көруге көмектеседі. Біз қызықты тарихы бар ең әдемі он ұлттық биді таңдадық, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Джига (Ұлыбритания аралдары)

Джига биі XVI ғасырда Британ аралдарында пайда болған. Қазір джига - ирланд және шотланд билері орындалатын әуендердің бірі. Бастапқыда джига деп аталатын кішкентай скрипка осы бидің пайда болуына түрткі болған. Би осы аспаптың ойынына сәйкес орындалды.

Бранль (Франция)

Дөңгелек биді еске түсіретін француздың көне биі. XV-XVI ғасырларда танымал болды. Оны халық жәрмеңкелер мен мерекелерде биледі. Кең таралғаны соншалық, атауын жоғалтқан. Сондай-ақ, белгілі бір француз провинциясының ерекшеліктеріне сәйкес жаңарған. Бір қызығы, Кэтрин де Медичидің кезінде бұл би басқа атаумен "бурре" - сарай қызметкерлерінің ресми биіне айналды.

Мазурка (Польша)

Поляк мазуркасының атауы елдің солтүстік-шығыс-орталық бөлігіндегі тарихи аймақ - Мазовия тұрғындарының ескі атауынан шыққан. XIX ғасырда бұл би бүкіл Еуропаға "ауру" секілді таралды. Бір қызығы, "мазурка" деп аталатын Польшаның үш ұлттық биінде мазур, оберек және куявяк деген үш би бірден жасырылады.

Полька (Чехия)

Полка ХІХ ғасырдың ортасында Богемияда (Чехияның қазіргі аумағы) пайда болды және көп ұзамай халық биіне айналды. Аңыз бойынша, бұл биді қызметші Анна Седакова ойлап тапқан. Ол Еуропаның барлық қаласында тез таралды, бірақ сонымен бірге ол ақсүйектер арасында келіспеушілік тудырды. Мәселен, Францияда онымен ұзақ уақыт күрескен. Бірақ бұл күрес сәтсіз болды.

Тарантелла (Италия)

Гитара немесе тамбуриннің сүйемелдеуімен орындалатын италиялық Тарантелла биінің тарихы тереңде жатыр. XV ғасырдан бастап екі ғасыр бойы ол тарантуланың шығуынан туындаған, ессіздікті жоюдың жалғыз құралы болып саналды. Бір қызығы, осы уақытта тарантизммен ауыратын науқастар билеген арнайы көшпелі оркестрлер бүкіл ел бойынша саяхаттаған.

Ча-ча-ча (Куба)

Спорттағы ең танымал билердің бірі - ча-ча-ча. Кубадан бастау алады және музыка стилі де, би де болып есептеледі. Ол Кариб теңізінің Латын Америкасы елдерінде, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының Латын Америкасы қауымдастықтарында кең таралған. Америкадан тыс жерлерде бұл би ағылшын балл биінің мұғалімі Пьер Лавелдің арқасында танымал болды. Бірде Лавелл бұл биді Кубада көріп, оны өз мектебінде жаңа түпнұсқа би ретінде үйретуге шешім қабылдайды. Содан әрі қарай тараған.

Лезгинка (Кавказ)

Лезгинка - Кавказдағы және Түркиядағы дәстүрлі билердің бірі, оны бастапқыда жауынгерлер орындаған. Биді ер адамдар жеке де, әйелмен де орындайды. Ер адам әртүрлі жекпе-жек көріністерін бейнелеу арқылы билейді, мысалы, шынтақтың бүгілуі садақ атуды білдіреді. Ал, әйел баяу билеп, ер адаммен ерекше контраст жасайды.

Шығыс биі (Таяу Шығыс)

Шығыс биі Таяу Шығыста және араб елдерінде жиі кездеседі. Оның басты ерекшелігі - қозғалыстың икемділігі. Бұл әдіс Шығыс сұлулары туралы мифтерден шабыттанды және еуропалық кабаре, сығандардың гавази және араб би дәстүрлерінің бірігуінен пайда болды. Бұл би кейінгі заманда шыққан деп саналады, өйткені оның орындалуы исламдық киім үлгісіне сәйкес келмейді.

Нихон-буё (Жапония)

Нихон-буё - дәстүрлі жапон сахналық биі, ол жазу пайда болғанға дейін тараған және буддизмнің таралуымен кең етек алады.

Хула (Гавайи)

Хула биінің шығу тегі туралы көптеген гавайлық аңыз бар. Олардың бірінде биді Каанның қасиетті орны орналасқан Молокай аралында Гавайи лак құдайы жасағаны айтылады.

Түрлі себепке байланысты олардың арасында протестанттардың аралдарда пайда болуы кезінде биге тыйым салу және туристердің осы жерлерге ағылуынан би қатты өзгерген. Дегенмен, дәстүрлі түрде бидің көптеген түрі басшыларды мадақтау үшін ойлап табылған. Музыкалық аспаптарда ойнау және ән айту үшін салтанатты рәсімдерде орындалды. Қозғалыстардың дәлдігі өте маңызды болды: кез келген қателік жаман белгі ретінде қабылданды, сондықтан биді үйрету үшін арнайы мектептер де болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!