Әлемде туристер үшін ең қауіпті үш қала

© pixabay.com/reguillorarias

Демалысқа шыққанда туристер жайлы курортты, қауіпсіз серуенді және ұмытылмас естеліктер бролуын армандайды. Алайда қылмыс деңгейі тым жоғары әрі саяхатыңызға қатер төндіруі мүмкін бірнеше танымал туристік қала бар. Daily Star басылымы әлемдегі ең қауіпті үш қаланы атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Демалысқа шыққанда туристер жайлы курортты, қауіпсіз серуенді және ұмытылмас естеліктер бролуын армандайды. Алайда қылмыс деңгейі тым жоғары әрі саяхатыңызға қатер төндіруі мүмкін бірнеше танымал туристік қала бар. Daily Star басылымы әлемдегі ең қауіпті үш қаланы атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл қалаларды естігенде демалыс үшін нағыз орын деуіңіз мүмкін, алайда қылмыс деңгейінің өсуі салдарынан туристерге тіпті қонақүйден шықпауға кеңес беріледі.

Акапулько, Мексика: жағалаудағы "тозақ"

Реклама
Реклама

Акапулькода курорттар баршылық, алайда онда баруға кеңес берілмейді. Кезінде туристердің сүйікті орыны болған бұл қала бүгінде нағыз зорлық-зомбылық мекеніне айналған. Қаланы Мадре-дель-Сур таулары қоршап тұр, кезінде түнгі өмірі мен кереметтей курорттарымен танылған ерекше қала болатын. Алайда бүгінде қылмыстық топтар қаланы бақылауда ұстауға бақталасып, қақтығыстар мен көшедегі атыстар көбейген. Тамыз айында El Pais Акапулькаға "тозақ" деген атау берген, өйткені атыс-шабыс, тосқауылдар мен көліктерді өртеу қарапайы іске айналған.

Кингстон, Ямайка: екі жүзді арал

Ямайка астанасы Кингстон қаласы ТМД туристері арасында танымал емес курорт. Ол сұлулығымен тәнті етсе, қылмыс әлемімен үрейіңізді ұшырады. Ақ құммен көмкерілген жағажайлары және салтанатты курорттары кедей аудандармен көршілес орналасқан. Соның салдарынан Кингстон көшелерінде ұрлық пен шабуылдар тиылатын емес.

"Келушілерге қауіпсіз аймақтан шықпауға кеңес беріледі", - дейді Armormax мамандары. Ямайка қаншалықты көрікті болғанымен, барлық санат бойынша қылмыс деңгейі тым жоғары, әсіресе көлік ұрлау, адамдарды кепілге алу, үй тонау және есірткі сатушылар көбейген.

Numbeo Кингстонның қылмыс деңгейіне 78,82 балл берген, бұл тіпті Акапулько көрсеткішінен де жоғары. Монтего-Бей ауданында және соған жақын маңда ұрлық өте жиі кездеседі, туристердің де көп тоналатын мекені де сол аймақ екен.

Рио-де-Жанейро, Бразилия: жарық пен түнек

Рио-де-Жанейро - кереғар қала, мұнда кеңге жайылған жағажайлар мен әйгілі карнавалдар өтеді, алайда қылмыс деңгейі де уайымдайтын деңгейге жеткен. Бұл әлемдегі туристер арасында ең танымал бағыт әрі ең қауіпті аймақ. Рионың басты көрнекі орыны Корковадо тауындағы Құтқарушы Мәсіх (Христос-Искупитель) мүсіні. Соған қарамастан саяхатшыларға сақ болған жөн: ескерткішке баратын жаяу жүргіншілер жолы қаруланған ұрылардың сүйікті мекеніне айналған. Билік өкілдері бұл жерлерден аулақ жүруге шақырады. Рио-де-Жанейроның қылмыс деңгейі 90,39 балл болған, бұл оны әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная