Әлемде қашықтан қолайлы жұмыс істеу үшін ең жақсы орын аталды

Қашықтықтан жұмыс істеу үшін Мальдив аралдары әлемдегі ең жақсы мекен деп танылды. Skyscanner онлайн-туристік қызметі әзірлеген мәліметті 2021 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы бағыттардың толық тізімін Daily Mail жариялайды.

Сонымен, сарапшылардың пікірінше, қашықтықтан кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігі бар адамдар Мальдив аралына, Мексикаға немесе Кариб аралдарына барғаны жөн, себебі, бұл жерлер қашықтықтан жұмыс істеуде таптырмайтын орындар екені анықталды.

Сондай-ақ, сарапшылар Грекияны сәнді демалыс, ал Калифорния, АҚШ-ты серфингпен айналысу үшін ең жақсы бағыт деп атады. Сонымен қатар, рейтингте экотуризмге арналған ең жақсы орындар ұсынылды, олардың арасында Коста-Рика, Ямайка және Португалиядағы Азор аралдары болды.

Желтоқсанның басында Skysccanner аз танымал Аустралия архипелагын әлемдегі оңаша саяхаттау үшін қолайлы орын деп атады. Бұл жерде Үнді мұхитында, Аустралияның батыс жағалауында орналасқан коралл рифтерімен байланысқан 122 аралдан тұратын Хоутман-Аброльос туралы айтылып тұр.