Әлемде дәмді асханасымен танымал қалалар анықталды

"Ас - адамның арқауы" демекші, әлемнің қай түкпіріне барсаңыз да, алдымен асханасы көңіліңізден шығатын орындарды іздейсіз. TripAdvisor порталы ерекше тағамдарымен танылатын қалалардың рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Рейтингтегі алғашқы орынға Вьетнам астанасы Ханой қаласы тұрақтады. Саяхатшылар тарихи дәстүрлер мен заманауи тенденциялардың қаладағы гастрономиямен ерекше үйлесетінін атап өтті. Вьетнамдықтардың ең танымал тағамдарына - фо кеспесі қосылған сорпа, гой куон спринг-ролл, бан хео ыстық құймақтары, као лау кеспесі, бун ча грильдегі котлеттері, бан ми бутербродтары, куркума қосылған ча-ка лавонг балығы және ко там күріші жатады.

Сонымен 2024 жылы гастрономиялық туризм саласында әлемдегі ең үздік 10 бағыттың тізімі төмендегідей:

1. Ханой, Вьетнам;

2. Рим, Италия;

3. Крит, Грекия;

4. Куско, Перу;

5. Флоренция, Италия;

6. Нью-Дели, Үндістан;

7. Барселона, Испания;

8. Жаңа Орлеан, АҚШ;

9. Лиссабон, Португалия;

10. Пхукет, Таиланд.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!