Әлем бойынша қазақ елінің құрметіне аталған көшелер

Әлем картасында атауы біздің елмен байланысты көшелер мен даңғылдар көптеп пайда болып жатыр. Шетелдік қалаларда 72 көшенің атауы Қазақстанға қатысы бар. TengriMIX сіздерге солардың бірнешеуін ұсынады. 

Қазақтың ұлы ақыны, философы, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың есіміне берілген әлемде көптеген көшелер бар. Украинада 1988 жылдан бастап (Киев, Днепропетровск, Краматорск) және 1998 жылдан бастап Мысыр астанасында бар. 


Украинадағы көше. © wikimapia.org

Германия астанасы Берлиннің солтүстігіндегі беделді Панков ауданы бар. Онда негізінен этникалық немістер тұрады. Қаланың осы бөлігінде А. Құнанбаев атындағы көше бар. 

Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақынының құрметіне берілген көше Түркияның Анкара қаласындағы Чанкая ауданында ашылған. 


Түркиядағы көше © Артемий Лебедев

2011 жылы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Баку қаласындағы көшелердің біріне қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысының атына көше беруді ұсынды. 2011 жылы көшенің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Әлемнің басқа да елдерінің астанасында осы атаумен аталатын көшелер бар - Дели, Ташкент және Бішкек. 


Түркиядағы көше. © az.trend.az

Қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне берілген көшелер ТМД елдерінде өте көп. Жамбыл көшесі Санкт-Петербургте және Липицкіде бар. 


Ресейдегі көше. © Роман Вовк

Жамбыл көшесі Ресейдің басқа қалаларында да бар - Волгоград, Иркутск, Кемеров, Курган, Нижний Новгород, Новосібір, Хабаровск, Ижевск қаласында осындай көше де қиылыста бар. 


Ресейдегі көше. © piterstory.com

2008 жылы Киевте Кузьминский көшесін Жамбыл Жабаев деп өзгертті. Украинаның Закарпат облысындағы Ужгородта да Жамбыл көшесі бар. 


Украинадағы көше. © Тимур Ибрагимов

Ресейдің ірі қалаларында, Мәскеу мен Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованың құрметіне Қазақ КССР-дан шыққан мерген-қыздың батылдығы мен ерлігін еске алу ретінде қойылған көшелер бар. 


Ресейдегі көше. © radiozvezda.ru

Әлемде мемлекеттер мен қалалардың құрметіне берілген көшелер өте көп. Омск, Харьков, Днепропетровск қалаларында Қазақстан көшесі бар. Ростов-на-Дону қаласында Қазақстандық қиылыс пен Қазақ көшесі бар. 

Ресей қалаларынан бөлек (Волгоград, Пермь, Орынбор, Магнитогорск), Қазақ көшесі Польша астанасы Варшава қаласында да бар. 


Польшадағы көше. © Әлібек Бегалинов

Қазақстанның оңтүстік астанасының атауы Ресейдің Самар мен Мәскеу қаласында бар. Ресей астанасында "Алма-Ата" метро станциясы ашылған. 


Ресейдегі метро станциясы © scits.ru

1973 жылдан бері Киевтің басты көшелерінің біріне Қазақстанның ең ірі қаласының атауы берілген. 


Украинадағы көше. © promap.ua


Ресейдегі көше

Еліміздің елордасы болған Астана атауымен 2014 жылы жазда Будапешт қаласында көше пайда болды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бірнеше елде көше берілген: Шешенстан, Түркия және Иорданияда көше атаулары Елбасының атымен аталадыү Грозный қаласында 2007 жылы Назарбаев көшесі пайда болды. Осы көшенің бойындағы үйлердің бірінде мынадай жазу жазылған: "ресей-қазақ достығы нығайып, көркейе берсін!". 


Шешенстандағы көше © ztb.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне берілген басқа да көшелер туралы мына жерден оқи аласыздар. 

Дайындаған: Нұрлыайым Нұрсайын