Әлем бойынша 2023 жылдың үздік көрнекі орындары аталды

Багажды сақтау қызметін көрсететін Stasher компаниясының сарапшылары әлемдегі .здік көрнекі орындар рейтингін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамандар әрбір көрнекі орынды он балдық межелік бойынша есептеген, ол үшін Tripadvisor мен Google сервистерінде жазылған пікірлер, Booking.com қолданушыларының орташа рейтингі және әл елдегі туристердің қауіпсіздігін ескеретін Global Peace Index рейтингі ескерілген. 2023 жылы саяхатшылар арасында ең танымал көрнекі орын Будапешттегі Мажарстан парламентінің ғимараты болды - ол рекордтық 7,34 ұпай жинады. Дунай өзенінің жағасында үлкен нео-готикалық ғимараты бар видеолар TikTok-та 887 миллионнан аса қаралым жинаған.

Екінші орын Париждегі Диснейлендке бұйырды - әлемге әйгілі ойын-сауық саябағы 7,17 ұпай жинады. Сарапшылар онда келушілердің көптеген жақсы пікірлерін және жақын маңдағы туристер үшін сапалы тұрғын үйдің үлкен таңдауын атап өтті. Исландиядағы Көгілдір лагуна сәл ғана артта қалды (7,15 ұпай) - термалды бұлақ пен курорт "әсерлі жанартау ландшафтының" арқасында үздік үштікке енді. Сонымен қатар, солтүстіктегі осы бір мемлекет бірнеше рет әлемдегі ең қауіпсіз ел деп аталды.

Төртінші орын Севильядағы Испания алаңына, бесінші орын Камбоджадағы Ангкор Ват ғибадатханасына бұйырды. Үздік ондыққа құрамына Италиядағы Ватикан Әулие Петр Соборы, Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі El Ateneo Grand Splendid театры, Афины Акрополисі, Веллингтондағы Жаңа Зеландия мұражайы және Бразилияның Рио-де-Жанейродағы Құтқарушы Мәсіхтің мүсіні кірді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.