Албания мамырдан бастап туристерге шектеулерді алып тастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Албания билігі 1 мамырдан бастап туристерге кіруге барлық шектеуді алып тастайды. Бұл туралы Albanian Daily News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Албания билігі 1 мамырдан бастап туристерге кіруге барлық шектеуді алып тастайды. Бұл туралы Albanian Daily News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жағажайымен танымал еуропалық мемлекет COVID-19 пандемиясының таралуын болдырмауға бағытталған барлық шараны алып тастағанын хабарлады. Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың техникалық комитеті 1 мамырдан бастап туристерге елге кіру үшін вакциналау сертификаттары немесе теріс ПТР-тестілері қажет емес деп шешті.

Сонымен қатар, барлар (23:00-ден кейін) мен түнгі клубтардың жұмысына рұқсат етіледі, ал бетперде кию міндет емес.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel