Алаяқтар туристерді алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Алаяқтар жалған тұрғын үйді брондау сайттарын пайдаланып туристерді алдайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне РФ Электронды ақша және ақша аударымдары нарығына қатысушылар қауымдастығының атқарушы директоры Павел Шуст айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Алаяқтар шын мәнінде жоқ қонақүйді немесе пәтерді брондау сайтында тіркейді, ал өтініштерді алғаннан кейін олар туристермен тікелей байланысып, сайтқа банктің карта мәліметтерін енгізу арқылы брондауды тағы бір рет растауды сұрайды. Сол уақытта олар бірден жалған сайтты іске қосады, ал жәбірленуші сол жерге ақша аударады.

Сарапшы мұндай жағдайда қалай қорғауға болатыны туралы бірнеше кеңестер берді. Біріншіден, мессенджерлерде, телефон арқылы немесе электрон пошта арқылы қаржылық мәселелер бойынша қонақүймен өзара әрекеттесуге болмайды, өйткені брондау сайттары адал емес қонақүйлердің қаупін өз мойнына алады.

Сондай-ақ, төлем мақсатын көрсететін SMS-ті мұқият бақылау қажет. Егер аударым басқа адамға жіберілуі мүмкін деген күмән туындаса, банкке қоңырау шалып, нақтылау керек. Сонымен қатар, белгісіз немесе күдікті сайттарда карта деректерін брондау платформасының менеджерімен бронь растауында көрсетілген телефон арқылы сөйлеспей енгізбеген дұрыс.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel