Әзірбайжан - түркі әлемінің бөлігі болып саналса да, кавказдық мемлекет. Ол Закавказье аймағының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыста Әзірбайжанды Каспий теңізінің сулары жуып жатыр. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы жұмбақ елдегі 10 ең көрнекті орынды сіздерге ұсынады.
Рейтинг 1000mest.ru, top10.travel, theculturetrip.com, prettywildworld.com және gapp.az порталдарының ақпараттары негізінде дайындалды.
Әзербайжан елінің бір атауы "От елі", парфиян тілінде "азер" от дегенді білдіреді екен. Ел атауының шығу тегі туралы тағы бір теория оның Әзербайжан территориясында болған ежелгі мемлекет Атропатенаның атауынан қалыптасқанын айтады. Ātur-patkān атауы патшалықтың негізін қалаушы - Атропаттың атауынан шыққан (авесталық Atərəpāta "отты күзету" дегенді білдіреді).
Дереккөз: Shutterstock
Бір нұсқа бойынша, Атропатена Қызылөзен маңында біздің эрамызға дейінгі VIII-VII ғасырларда болған делінеді. Басқа нұсқа бойынша, біздің дәуірімізге дейінгі 321 жылы Атропатена тәуелсіз мемлекет деп жарияланды, содан кейін ол III ғасырдың басында Сасанидтер билікке келгенге дейін Парфияның құрамына кірді. Біздің дәуірге дейінгі 220-жылдары ел Селевкидтер мемлекетіне тәуелді болған. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 160-жылдарға дейін жалғасты. Содан кейін Атропатена өзінің тәуелсіздігін бекітті.
Мұнда иран және иранға дейінгі тайпалар мекендеген. Кавказ Албаниясының саяси патшалығы осы территорияның бір бөлігінде болған. Содан кейін, VII ғасырда бұл территориялар Араб халифатының құрамына кірді. Ислам дәуірінде елдің атауы қазіргі "آذربایجان" - "Әзірбайжан" болып өзгертілді. Осыдан кейін мұнда Ширваншахтар, Саларидтер, Саджидтер, Шеддадидтер мен Раввадидтердің феодалдық мемлекеттері пайда болды.
Содан кейін бұл аумақ Селжұқ империясының құрамына кірді. 1747 жылдан XIX ғасырдың басына дейін жартылай тәуелсіз Әзірбайжан хандықтары болды. Осыдан кейін олардың территориялары XIX ғасырдың басында Ресей империясының құрамына кірді. XX ғасырда Әзірбайжан КСРО-ның құрамына кірді, ал 1991 жылы 30 тамызда ел тәуелсіздігін жариялады.
Бүгінде Әзербайжан елі - бай мәдениеті мен тарихы бар көпұлтты мемлекет, онда ежелгі сәулет туындылары, көптеген мәдениет мұралары, шығыстық қонақжайлылық пен батыстық заманауилық үйлесім тапқан. Біз осы елдегі саяхатшылар үшін ең қызықты орындар туралы баяндаймыз.
Хызы ақық тауларына, алқызыл көл мен Бешбармаг жартасына саяхат
Хызы тауының ғарыштық пейзаждары Бакуден 104 шақырым жерде орналасқан. Бұл экскурсия кезінде сіз ежелгі бекіністерді, әзірбайжан драматургиясының негізін қалаушы Джафар Джаббарлидің мұражай-үйін және табиғаттың таңғажайып туындыларын көресіз. Хызы тауларының түрлі-түсті , алтын-қызыл өрнектері Марстың пейзаждарына ұқсайды. Осындай ұқсастық АҚШ-тағы Өлім алқабында кездеседі. Хызының маңынан алыс емес орман алаңқайында сіз дәмді ет (тауық, күркетауық, ешкі, қозы, бұзау) пен көкөністерден жасалған тағамдардың дәмін тата аласыз. Жергілікті тұрғындар рецепттерді құпия ұстайды.
Дереккөз: experience.tripster.ru
Дереккөз: experience.tripster.ru
Масазыр көлінің жағасы ақ қармен көмкерілгендей. Бұл - шын мәнінде тұз. Жоғары концентрациясына байланысты мұнда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мекен етпейді. Суда бірнеше минут болғаннан кейін, аяқтарыңызға тұз сіңіп, ағарып қалады. Таңертең көл суы әдемі қызғылт реңк алады.
Дереккөз: experience.tripster.ru
Бешбармаг тауы - Әзірбайжанның ең әдемі және жұмбақ жерлерінің бірі. Біздің дәуіріміздің VI-VII ғасырларында Сасан билеушілері салған ежелгі қорғаныс құрылыстарының қалдықтары сақталған. Таудың пішіні қолдың бес саусағына ұқсайды, сондықтан оны әзербайжан тілінде "бес саусақ" дегенді білдіретін "бешбармаг" деп атаған.
Публикация от Michael Hoit (@mikee_flaars) 14 Ноя 2018 в 11:06 PST
Жергілікті ақсақалдар жартас атауы тарихының екінші нұсқасы бар дейді. Онда бір кездері қара күштерге қарсы соғысып, тасқа айналған бес ағайынды өмір сүрген делінген. Бір тас Каспий теңізінде, қалғаны құрлықта қалған. Қыдыр Зиндей үлкен ағалары болды. Аңызға сәйкес, ол Бешбармаг тауының жанынан "зәмзәм суының" қайнар көзін тауып, мәңгілік өмірге ие болды.
Публикация от Without Frontiers ? Ana Belén (@anabelenabundio) 23 Июл 2019 в 12:24 PDT
Бүгінде таудың етегінде "Пір Қыдыр Зинда" деп аталатын намаз оқуға және құлшылық етуге арналған орын бар. Арнайы соқпақпен таудың басына шығуға болады. Хызы ақық тауларына, алқызыл көл мен Бешбармаг тасына экскурсия құны бір адамға 140 еуро (64 500 теңге) тұрады.
Гянджа мен Гейгель көліне саяхат
Гянджа қаласының пайда болуы туралы аңызда бір кездері араб билеушісі Мазяд Закавказьедегі Арран аймағы арқылы өткен деп айтылады. Ол үш төбенің ортасына түнде шатыр тігеді. Түнде түсінде Мазяд ашық алаңның ортасында тұрғанын және үш таудың бірінде қазына көмілген деген дауысты естиді. Сонда билеуші жылқыны ер-тоқымға байлап, тауларға қарай бет бұруды бұйырады. Қазына ат қай жерге тоқтайды, сол жерге көмілген болып шығады.
Сол дауыс қазына табылған жерге Гянджа атты қала салуды бұйырады. Билеуші оянып, барлық нұсқауларды орындайды. Төбенің астынан ол шынымен де баға жетпес байлық, алтын-күміс, бағалы тастар толтырылған үлкен қазандар табады. Ол ежелгі Гянджа қаласының негізін қалап, түсінде айтылғанның бәрін орындайды.
Гянджадағы мешіт, дереккөз: Shutterstock
Гейгель таулы көлі Қапаз тауының етегінде, Ағсу өзенінің шатқалында орналасқан. Көл 1138 жылы 17 қыркүйекте болған жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды, содан кейін Қапаз тауының шыңы Ағсу өзенінің шатқалына құлады. Көлдің пайда болуын оның жазбаларында Гянджада дүниеге келген әлемге әйгілі ақын Низами дәріптеді.
Көлде алабалық мекендейді, ол негізінен бүйіржүзгіштермен мен инелік дернәсілдерімен қоректенеді. Мұнда спорттық балық аулау жаттығуымен де айналысады.
Гейгель курорты туристерді таза ауасымен, салқын сулы көлімен, тау климатының ерекше емдік қасиеттерімен тартады.
Фото: Shutterstock
Янардаг тауы
Атақты Янардаг тауы Бакуден солтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Абшерон түбегінде орналасқан. Ауданның атауы әзірбайжан тілінен "жанып жатқан тау" деп аударылады. Мұндағы газдың жерге жақын болғаны соншалық, ол жарылып, атмосфераға ене бастайды. Жалынды сумен, жаңбырмен, қармен де сөндіру мүмкін емес екен. Венециандық зерттеуші Марко Поло XIII ғасырда елмен жүріп өткенде жұмбақ құбылыстар байқағаны туралы жазған.
Жібек жолының бойындағы басқа саяхатшылар да мәңгілік алау туралы жаңалықтар әкелген. Мұндай табиғи өрттер тауарлық газ өндірісіне кедергі келтіргендіктен, олардың көпшілігі сөндірілді. Янардаг - бүгінгі күнге дейін сөнбей келе жатқан өрттің бірі. Елде зороастризм кезінде мұндай құбылыстардың маңызы зор болды. Зороастризмді ұстанушылар үшін от рухани тазару және даналықты білдірді. Янардаг қарлы қысқы кеште өте әсерлі көрінеді, қар үлпектері жерге жетпей, ауада еріп кетеді.
Дереккөз: Shutterstock
Дереккөз: Shutterstock
Ширваншахтар сарайы
Бакудегі Ширваншахтар сарайы 2000 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізілген. Бұл біздің заманымыздың VIII ғасырынан бастап билікте болған Ширван әулеті билеушілерінің орны болатын. Ескі парсы тілінде "ширваншах" "арыстан шах" дегенді білдіреді. Барлық ғимараттар VIII-XVI ғасырларда тұрғызылған. Сәулет ескерткіші 2003 жылы қалпына келтіріліп, жәдігерлермен толықтырылды.
1501 жылы Бакуды парсылық Сефевидтер әулеті тонап, төрт онжылдықтан кейін ол өзінің тәуелсіздігінен мүлдем айырылады. XVII ғасырдан бастап резиденция бос болды. Бүгінде бұл жер сарайдан басқа Диуан-хане ауласын, 1441 жылғы мұнаралы сарай мешітін, ширваншахтар қабірін, монша мен сарай ғұламасы Сейид Яхья Бакуви кесенесін қамтитын кешенді құрайды.
Дереккөз: Shutterstock
Габала
Әзірбайжанның солтүстігіндегі ежелгі Габала қаласы бүгінде елдегі ең ірі мәдени және туристік орталықтардың бірі болып табылады. 600 жыл бойы Габала ежелгі Кавказ Албаниясының астанасы болған, оны I ғасырдағы ежелгі тарихшылар айтқан. Қала - тарихи және табиғи сұлулықтың керемет үйлесімі. Археологиялық жерлердің жасы шамамен 2500 жыл. Габала шамамен 500 жылдық жаңғақ және каштан ормандарына бай. Каштанның көктемгі гүлденуі қаланың ерекше атмосферасын кіргізеді. Каньондар, сарқырамалар, аңғарлар мен шаңғы курорттары Габаланы туристер мен жергілікті тұрғындар үшін тартымды орынға айналдырды.
Габала қаласындағы қысқы көл, дереккөз: Shutterstock
Дереккөз: Shutterstock
Жұма мешіті
Әр жұма сайын сағат 12.00-де Баку қаласының шийт мұсылмандары Жұма мешітінде намазға жиналады. Ол XII ғасырда салынған. Содан бері қабырғалар бірнеше рет қирап, қайта салынды. Мешіттің стилі, Әзірбайжандағы басқа ортағасырлық ғимараттар сияқты, негізінен парсы ислам сәулетін қайталайды.
Мешіттің негізі бірдей емес, алтыбұрышты болып келеді. Мұндай пішіндер Әзірбайжанның ортағасырлық сәулет өнерінде жиі кездеседі. Қасбеті мен бағандары тас және ағаш өрнектерімен безендірілген. Ғибадатхананың іші тастармен және сирек кездесетін сәнді материалдармен безендірілген. Қабырғаларында араб графикасымен Құран жолдары жазылған.
Дереккөз: tonkosti.ru
Баку, Локбатан балшық жанартауы
Әлемдегі ең үлкен балшық жанартауларының бірі Баку маңында орналасқан. Вулкандардың болуы жердің мұнайға бай екендігін дәлелдейді. Бұл жаңалық 1933 жылы зерттеушілер Локбатан етегіне жақын жерде ұңғыманы бұрғылағанда ашылды. Олар көмірсутек шөгінділерімен тікелей байланысты балшық жанартауларының теориясына негізделді. Локбатан - Абшерондағы ең белсенді жанартаулардың бірі, оның пішіні түйеге ұқсайды. Екі ғасырда ол 23 рет атылған.
Әзербайжанның балшық жанартауларында сіз тұзды судың жерден қалай ағып жатқанын және сазды жер бетіне қалай тасымалдайтынын көре аласыз.
Фото авторы: Bruno Girin
Дереккөз: Shutterstock
Әзербайжанда кез-келген талғамға сай жағажайлар бар: құмды, шағыл тасты, түбі таза және тасты. Бұл ел ықтимал 11 климаттық белдеудің тоғызын біріктіреді: Үлкен Кавказдың таулы аймақтарындағы таулы тундрадан бастап, Лянкарандағы құрғақ және ылғалды субтропикке дейін. Сонымен бірге, елдің едәуір бөлігі субтропикалық белдеуде орналасқан. Еліміздің қолайлы климаты жыл сайын Каспий жағалауына мыңдаған туристерді тартады. Абшерон жағалауындағы жағажай маусымы маусымнан қыркүйекке дейін жалғасады.
Бильгя мен Нардаран жағажайлары тынық суларымен және жұмсақ таза құмымен ерекшеленеді. Демалыс аймақтары туристерді әртүрлі ойын-сауықтарымен қызықтырады: ашық аспан астында мини-кинотеатрлар, скутерлер, тақырыптық кештер.
Новханадағы жағажайлар қаланың тыныш аудандарына жақын орналасқан. Бұл пәтерді арзан бағамен жалға алуға мүмкіндік береді.
Лянкарандағы қара жағажайлар субтропикке ұқсайды: таза, жылы теңіз, емдік балшық, көк аспан және жайқалған ағаштар, олардың көлеңкесінде сіз ыстықтан жасырына аласыз. Жақын жерде минералды су көздері, көптеген шипажайлар бар.
Дереккөз: Shutterstock
Дереккөз: Shutterstock
Жергілікті туристік ұйымдар мен жеке гидтер Баку қаласына экскурсияның көп түрін ұсынады: "Бакудің барлық көрікті жерлері бір күнде" 70 долларға (28 500 теңге), "Бакудегі ескі қаланың жаяу экскурсиясы (Ичери-Шехер)" 50-70 доллар (20,500 - 28,500 теңге), "ХХІ ғасырдағы Баку" автомобиль серуені. Әзірбайжанда сізге аңыз-әңгімелер мен мифтерді, сондай-ақ сізге елдің сұлулығын орыс тілінде баяндап беретін гидтер көптеп табылады. Гобустан қорығына экскурсиялар 15-тен астам тілде өткізіледі және бүкіл әлем бойынша танымалдылыққа ие болды. Қабалаға және Баку айналасына түнгі және көпкүндік экскурсиялар да гидтермен бірге ұйымдастырылады. Экскурсиялық турлар құны бір адамға 305 доллардан (124 500 теңге) басталады. Әзірбайжанда 6 күн/5 түнде шарап туры 765 доллар тұрады (311 500 теңге).
Сіз Баку қаласына Алматы мен Нұр-Сұлтаннан тікелей рейстермен немесе Ақтау әуежайынан ауысымды рейспен жете аласыз. Айта кетейік, қазіргі уақытта рейстердің ашылуы туралы нақты ақпарат жоқ.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.