Акуланың адамға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Фото:depositphotos.com

Мальдивте акула шабуылына тап болған дайвердің жолы болып, аман қалды. Үлкен акуланың адамға шабуылы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мальдивте акула шабуылына тап болған дайвердің жолы болып, аман қалды. Үлкен акуланың адамға шабуылы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Видеода теңіз жыртқышының дайверге қарай жүзіп келе жатқанын және бірнеше секунд ішінде адамның басын жей жаздағаны көрінеді. Ер адам қашып үлгерді.

Samudra Maldives мәліметі бойынша Мальдив аралдары ақ құмды жағажайларымен, көгілдір суымен танымал, бірақ онда сондай-ақ акулалардың 30-ға жуық түрі бар.

Реклама
Реклама

Оларға қола балға акулалары, жолбарыс акулалары, кит акулалары және сұр риф акулалары жатады - кадрдағы акуланың қай түрі екені әлі белгісіз.

"Мальдив аралдарына жақын жүретін акулалардың көпшілігі мейірімді және олардың шабуыл жасауы сирек кездеседі. Бірақ мальдивтік жолбарыс акулаларына жолығу өлімге әкелуі мүмкін", - дейді мамандар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная