АҚШ-тағы Йеллоустон саябағында адам аяғы табылды

АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық паркінің қызметкері адамның аяғын тапты. Парк басшылығы тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Он алтыншы тамызда қызметкер Йеллоустон ұлттық паркінің оңтүстік бөлігінде орналасқан Абиш Пулда аяқ тапты. Ол аяқкиіммен жатқан. Қазір Йеллоустонның құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізуде", - делінген парктің Twitter парақшасында.

Йеллоустон ұлттық паркі (Вайоминг, Монтана және Айдахо Штаттарында орналасқан) - халықаралық биосфералық резерват, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!