АҚШ-та ұшақтың тұраққа құлаған сәті видеоға түсірілді

АҚШ-тың Орегон штатында ұшақ көлік тұрағына құлады, салдарынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Орегон штатының Медфорд қаласында автосалон маңындағы тұраққа бұрандалы ұшақ құлады. Әуе кемесінің апаты видеоға түсіп қалды, оны Twitter желісіндегі @NewsWatch12 аккаунты жариялады.

Реклама
Реклама

Оқиға 5 желтоқсанда болған. Желідегі кадрларда ұшақтың жерге 90 градус бұрыштап құлағанын көруге болады. Бірнеше секундтан кейін құлаған жерде жарқын жарық пайда болып, көк түтін шығады.

The Oregonian мәліметінше, әуе кемесінің жалғыз жолаушысы қаза тапты. Апаттың неден болғаны әзірге жарияланбады.

#Breaking: NewsWatch 12 has been provided with video of the plane crash in Medford this evening courtesy of Empire Lockers. We do want to warn everyone that viewer discretion is advised and we are working to get you more information. pic.twitter.com/pLRPgKXSPN

— NewsWatch 12 (@KDRV) December 6, 2021

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!