Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдары АҚШ туризміне қатты әсер етті. Бұл туралы Forbes сарапшылары жазды, - деп хабарлайды Тourprom сайты.
Олар жақында ғана АҚШ-қа халықаралық сапарлардың болашағы жақсы болып көрінгенін атап өтті.
"Өткен жылы пандемиядан зардап шеккен туризм индустриясы тұрақты түрде өсіп келе жатқан", - деп мәлімдеді сарапшылар.
Бірақ қазіргі жағдай "миллиондаған ықтимал саяхатшыны күтуге мәжбүр еткен сияқты".
Сарапшылар "жанармай бағасының қымбаттауы, рейстердің аз болуы, әуе билеттерінің қымбаттауы және қор нарығының құлдырауы" сияқты себептерді атап өтті.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!