АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды


АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды. Бұл жолы металл құрылым Калифорния штатынан табылған, - деп хабарлайды РИА Новости

Еске салайық, өткен аптада Юта штатының қоғамдық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері шөлді жерден металл монолитті тауып алды. Бюро өкілдері жұмбақ құрылымды қараша айының ортасында жабайы табиғатты қорғау қызметкерлеріне мүйізді жабайы қошқарларды санап жүрген кезде тапқан. Монолиттің биіктігі шамамен 3-3,5 метр. Бірнеше күннен кейін монолит жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.

"Бөгдеғаламшарлықтар сыйлығы". АҚШ пен Румыниядағы жұмбақ монолиттер қайдан шықты?

Артынша АҚШ-та табылған металл монолитке ұқсас нысан 26 қарашада Румыниядан да табылды. Жергілікті мәдениет және тарихи мұра бөлімінің өкілі билік биіктігі шамамен төрт метр "жұмбақ туындыны" зерттейтінін хабарлаған. Ютадан табылған монолитке қарағанда Румыниядағы құрылым үшбұрыш және сыртында оюлар бар болып шыққан. Бірақ Румыниядағы монолит те жоғалып кеткен. 

Сәрсенбі күні тағы бір металл монолит Атаскадеро қаласындағы Пайн тауының басынан абылған. Металл құрылым тот баспайтын болаттан жасалған. Оның биіктігі - 3 метр, ені - шамамен 46 сантиметр. 

Болжам бойынша, Калифорниядан табылған монолиттің салмағы 90 келі. Құрылым таудың басынан қалай анықталғаны түсініксіз, алайда жергілікті туристтің сөзінше, сейсенбіде бұл монолит болмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Осыған ұқсас мақалалар

Мысырда Жаңа патшалық дәуірінің 54 тастабыты табылды Мысырда Жаңа патшалық дәуірінің 54 тастабыты табылды
Норвегиядағы қарттардың өліміне COVID-19-ға қарсы вакцинаның қатысы жоқ Норвегиядағы қарттардың өліміне COVID-19-ға қарсы вакцинаның қатысы жоқ
2020 жылы ең көп жолаушы қабылдаған əуежай белгілі болды 2020 жылы ең көп жолаушы қабылдаған əуежай белгілі болды