АҚШ-та мейрамхана бір доллардан сатылады

Фото: dailyiowan.com

Айова штатындағы мейрамхана иесі Ли Чжан тамақтану орнын пандемияға байланысты бір долларға сатпақ, - деп хабарлайды The Daily Iowan жергілікті порталы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Айова штатындағы мейрамхана иесі Ли Чжан тамақтану орнын пандемияға байланысты бір долларға сатпақ, - деп хабарлайды The Daily Iowan жергілікті порталы. 

Кәсіпкердің сөзінше, Lark & ​​Owl караоке-бары локдаунға және басқа да карантин шектеулеріне байланысты үлкен шығындарға ұшырап, жалға алу бойынша үлкен қарыздары көбейіп кеткен. Тіпті жеткізу қызметі арқылы да Ли соңғы жылы ешқандай пайда көрмеген. 

Реклама
Реклама

Мейрамхананы жалға алу құны айына бес мың доллар және бұл жалғыз шығын емес. Бірнеше адам мейрамхананы сату туралы хабарламаға жауап берген, бірақ жалдау құны қымбат болғандықтан олар сатып алуға дайын емес екендерін айтқан.  

Lark & Owl мейрамханасынан бөлек Ли Чжан JiangHu AsianStreet Food Азия асханасының иесі. Пандемия кезінде мейрамханаға этникалық қоғамнан қолдау жасалған, сондықтан шығын көп болмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная