АҚШ-та қозғалтқышына құс кіріп кеткен ұшақ өртенді

Американың Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты) Spirit Airlines әуекомпаниясының ұшағы ұшып бара жатқанда өртенді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі NBC 10 телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның мәліметінше, лайнердің қозғалтқышына құс кірген, салдарынан өрт шыққан. Ол кезде ұшақ әлі ұшпаған, жерде болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері сәтті эвакуацияланып, әуе кемесінің терминалына жеткізілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат хабарланбайды.

Қазір АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!