АҚШ-та қарлы дауыл салдарынан 60-тан аса адам қаза болды

АҚШ-та "Элиот" қарлы дауыл салдарынан 60-тан аса адам қаза болды. 200 мыңға жуық адам жарықсыз қалған және аяз бен жауған қардың әсерінен үйінен шықпауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Еuronews.com.

Экстремалды ауа райы салдарынан көптеген жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен тәулікте АҚШ-та 5000-нан аса ішкі және халықаралық рейс ұшпай қалды. 80 мыңнан аса үйде жарық жоқ. Негізінен Нью-Йорк штатының шығыс бөлігіндегі Буффало қаласы қатты зардап шеккен. Осы штатта қайтыс болғандардың саны 30-дан асқан. Бұл аймақта көлік жүргізуге тыйым салынды. Нью-Йорк және жақын маңдағы қалаларда газ пайдалануды бәсеңдетуді сұраған.

Барлық штатта дерлік ауа температурас рекордтық көрсеткішке жетуге аз қалған. Елдегі тұрғындардың үштен екісіне ауа райының жайсыздығы туралы ескертілген.