АҚШ-та жолаушылардың жүгі кешіккені үшін ақшасын қайтару ұсынылды

АҚШ Көлік министрлігі әуекомпаниялардан жолаушылардың жүгін кешіктіргені үшін ақшалай жарналарды өтеуді талап етеді. Бұл туралы Ақ үйде өткен брифингте Ұлттық экономикалық кеңестің директоры Брайан Диз мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпаниялардың тіркелген багаж үшін жолаушыларға ақшаны қайтаруы туризм саласында жоспарланған шаралардың бір бөлігі болады. АҚШ президенті Джо Байден америкалық отбасылардың мүдделері үшін экономикалық бәсекелестікті күшейту және халықтың жалақысын арттыру туралы жарлық шығарады деп күтілуде.

"Бұл ережелер егер жолаушы багаж үшін жарналарды төлеп, оның жүгі кеш келген жағдайда ақшаны қайтаратынына кепілдік береді. Сонымен қатар, егер жолаушы Wi-Fi сияқты басқа қызметтерге ақы төлесе және ол жұмыс істемесе, оған бұл қызмет үшін сомасы да тез қайтарылады", - деді Брайан Диз.

Әуекомпаниялар жолаушының жүгін ішкі рейстер үшін келгеннен кейін 12 сағат ішінде және халықаралық маршруттар үшін келгеннен кейін 25 сағат ішінде жеткізіп бермесе, багажды кешіктіргені үшін төлемді қайтаруы керек.

Айта кету керек, АҚШ-тағы әуекомпаниялардың көпшілігі багажды тексергені үшін жолаушылардан жарна алады. Ол бірінші чемоданға 30 доллардан (12 800 теңге) басталады. Қазақстанда багажды тасымалдау әдетте әуе билетінің құнына кіреді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!