АҚШ-та жасөспірімнің бір суретіне байланысты ұшақ жолаушылары эвакуацияланды

Америкалық United Airlines әуекомпаниясының жолаушылары жасөспірімнің бір суретіне байланысты эвакуацияланды. Бұл туралы The Independent жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 22 шілдеде Сан-Франциско халықаралық әуежайында ұшақты Орландоға жібермес бұрын болған. Жасөспірім Airdrop файлдарын беру технологиясы арқылы ойыншық тапаншаның суретін таратқаны анықталды.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі барлық жолаушыны ұшақтан шығарып, қайта қарап шықты. Сондай-ақ, лайнерде тыйым салынған құрылғылардың бар-жоғы тексерілді. Нәтижесінде бортта қауіпті заттар табылған жоқ.

Жасөспірім тапаншаны бұрын суретке түсірген және оның қасында ешқандай қару болмаған. Алайда әуекомпания өкілінің айтуынша, дүрбелең туғызған жолаушыға ұшаққа оралуға рұқсат етілмеген.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!