03 тамыз 2023 10:59

АҚШ-та Гранд-Каньон маңында туристер мінген автобус аударылды

© ABC15 Arizona

АҚШ-тың Аризона штатында Гранд-Каньон маңында 50-ден аса турист мінген автобус аударылды. Жергілікті полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты, тағы сегіз адам ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құтқару қызметі Гранд-Каньон Уэст аумағында автобус аударылғаны туралы хабар алған. Сегіз адам әуемен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Бір адамның қаза тапқаны расталды", - дейді полицейлер.

Сондай-ақ, жеңіл жарақат алғандар жедел жәрдем кареталарымен ауруханаға жеткізілген.

Реклама
Реклама

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Полиция мәліметінше, оқиға кезінде 10 жедел әрекет ету қызметі осы іске тартылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram