АҚШ-та ғарыштық туристерді дайындауға арналған лагерь ашылады

Америкалық Orbite компаниясы аэронавтика мен бес жұлдызды сервисті біріктіріп, АҚШ-та алғашқы ғарыш лагерін ашуға шешім, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Tech Crunch сайтына сілтеме жасап. 

Оқу бағдарламасын Ұлттық аэроғарыш дайындығы және зерттеу орталығының бұрынғы директоры Бриенна Роммес басқарады.

Жалпы алғанда, Роммес ғарыштық ұшуға 600-ден аса адамды дайындады, оның ішінде осы жылы ғарышқа ұшқысы келетін кәсіпкер Ричард Брэнсон бар.

"Осы онжылдықта жүздеген адам ғарышқа аттанады, бірақ сіз диваннан тұрып, зымыранға қауіпсіздік белдіктерін байлай алмайсыз. Басқа әлемге саяхат жасамас бұрын, сіз психикалық, физикалық және рухани тұрғыдан дайын болуыңыз керек", - деді Orbite негізін қалаушылардың бірі Джейсон Эндрюс.

Ғарыштық туристерге арналған сабақтар Флоридадағы Four Seasons Resort және Франциядағы Hôtel La Co (o) rniche бес жұлдызды қонақүйлерінде ұйымдастырылады. Дайындық барысында клиенттер шамадан тыс жүктемелерге төтеп беруді, салмақсыздық жағдайына бейімделуді, жоғары жылдамдықты ұшақтарда ұшуды үйренеді.

Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы Axiom коммерциялық ұшуына билет құны 55 миллион доллардан асады. Orbite премиум оқу бағдарламасы үш немесе төрт күн үшін бір адамға 29 500 доллар (12 миллион теңге) тұрады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!