АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты 1,6 мың рейс ұшпай қалды

АҚШ-та бұрқасын қардың жаууына байланысты 1600-ден аса әуе рейсі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Flightaware.com порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, сейсенбіде 2602 ішкі және халықаралық рейс ұшпай қалған, олардың көбісін Southwest Airlines әуекомпаниясы іске асыруы керек болған.

Былтыр желтоқсанда аталмыш компания осындай сынға ұшыраған еді, ол кезде ауа райының қолайсыздығына және техникалық ақауға байланысты 16 мың рейс ұшпай қалған. Осыдан кейін АҚШ-тың Көлік тасымалы министрлігі тексеру жұмыстарын жүргізген.

Құрама Штаттардың біршама аймағы өткен айда да ауа райының қолайсыздығына байланысты зардап шеккен еді. Ауа температурасы рекордты көрсеткішке таяған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!