АҚШ-та әскери тікұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдар қаза тапты

Алабамада АҚШ-тың Теннесси Ұлттық гвардиясының Black Hawk әскери тікұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап

Тікұшақ Хантсвиллдегі тасжолда оқу-жаттығу ұшуы кезінде жергілікті уақыт бойынша 15:00-де құлады, деп хабарлады Теннесси ұлттық гвардиясы. Борттағы екі экипаж мүшесі қаза болған.

"Біз Теннесси Ұлттық гвардиясының екі әскери қызметкерінің қазасына қатты қайғырдық және осы қайғылы оқиға кезінде олардың отбасымен дұға етеміз. Біз Теннесси штатының тұрғындарынан бізге қосылуды және олардың отбасына қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді Теннесси штатының Бас адъютанты, бригадир генерал Уорнер Росс мәлімдемесінде.

Мэдисон округінің конгрессмені Дейл Стронг Twitter-де көңіл айтып, Black Hawk тікұшағының апатқа ұшырағанын растап, тергеу жүріп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!