АҚШ-та Boeing 737 MAX 9 лайнерлерінің ұшуына уақытша тыйым салынды

© pixabay.com/ramboldheiner

Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) жаппай тексеріс аяқталғанша әуекомпанияларға 170-тен аса Boeing 737 Max 9 ұшақтарында жолаушы тасымалдауға тыйым салды. Оған Alaska Airlines әуекомпаниясының ұшағында болған оқыс оқиға түрткі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Аviaincident Telegram-каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) жаппай тексеріс аяқталғанша әуекомпанияларға 170-тен аса Boeing 737 Max 9 ұшақтарында жолаушы тасымалдауға тыйым салды. Оған Alaska Airlines әуекомпаниясының ұшағында болған оқыс оқиға түрткі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Аviaincident Telegram-каналына сілтеме жасап.

Авиация басқармасы ұшуға рұқсат бермес бұрын осы үлгідегі ұшақтарды дереу тексерістен өткізуді талап етіп отыр. Мамандардың айтуынша, бір әуекемені толық тексеруге 4-тен 8 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін.
Алдағы уақытта федералды басқарма жолаушылардың қауіпсіздігін негізге ала отырып, шешім қабылдауды жалғастыратыны белгілі болды. Қазір ведомство Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесіне Alaska Airlines 1282 рейсіне қатысты оқиғаны тергеуге жәрдемдесіп жатыр.

Еске салсақ, 5 қаңтарда Alaska Airlines әуекомпаниясының ұшағы Орегонға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі әуеге көтерілгенде ұшақтың терезесі мен фюзеляжі ұшып кеткен.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная