Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

АҚШ шетелдік туристерді қабылдай бастайды: кіру күні мен шарттары


АҚШ қарашадан бастап шетелдік туристерді қабылдауды жоспарлап отыр. Әуе арқылы келетін вакцина алған туристерге елге кіруге рұқсат етіледі, ал құрлық шекаралары жабық күйінде қалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.

Eturbonews мәліметінше, Ақ үйдің пандемияға қарсы үйлестірушісі Джефф Зиентс Америка Құрама Штаттары 2021 жылдың қарашасынан бастап COVID-19 вирусына қарсы вакцина алған шетелдіктер үшін сапар шектеулерін алып тастайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Зиенцтің айтуынша, өзгерістер тек әуе сапарларына әсер етеді және құрлық шекарасындағы шектеулерге әсер етпейді.

АҚШ туристік қауымдастығының президенті және бас атқарушы директоры Роджер Доу да бұл ұсынысты қолдады. Сондай-ақ, ол вакцина алған туристердің келуі "америкалық экономиканы жандандыруға және халықтың денсаулығын қорғауға көмектеседі" деп сенеді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды