Ұшақ шассиіне тығылып, Гватемаладан АҚШ-қа ұшып келген ер адам депортациялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
1182 нөмірлі American Airlines рейсін әуежайда құқық қорғау органдарының өкілдері қарсы алды, оларды ұшақтың "қауіпсіздігіне" байланысты компания өкілдері шақырған. Шасси бөлігінде тығылып келген ер адам, Гватемаладан шамамен 2,5 сағат ұшып келген.
Өз елінен ерекше жолмен ұшып келген босқын Гватемаланың 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Кеден және шекара қызметкерлері ер адамның қамауға алынып, Майамидегі жергілікті ауруханаға сараптамаға жіберілгенін және оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Тергеуге American Airlines компаниясының өкілдері де қатысып жатыр.
Иммиграция қызметкері Анхель Лил қашқынды АҚШ-тың кеден және шекара қорғау қызметі елден шығару туралы қаулы дайындағанға дейін ұстайтынын хабарлады. Дегенмен ол АҚШ-тан баспана сұрай алады, бірақ бұл мәселе шешілгенше қамауда болады.
Гватемала билігі де қауіпті жолмен ұшып келген ер адамның ісін тергеуді бастады. Ұшақтың орташа коммерциялық ұшуы 9-12 мың метр биіктікте орындалады, температура -54 ° C және оттегі деңгейі шамамен 6,3 пайызға жетеді, бұл өте төмен. Ер адамның осыған қарамастан аман қалғаны таңғаларлық жағдай.
Қысым мен жеке қорғаныс құралдарының жоқтығына қарамастан, доңғалақтағы ыстық гидравликалық желілер мен ыстық шиналар адамның аман қалуына жылуды қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Федералдық авиация әкімшілігі. Алайда ер адамның дөңгелектермен қалай соқтығысып қалмағаны белгісіз.
1947 жылдан бері АҚШ федералдық авиация басқармасының статистикасы бойынша 129 адам шассиге немесе коммерциялық ұшақтардың басқа бөліктеріне жасырынуға тырысқан, олардың 100-і қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!