видеодан үзінді видеодан үзінді

"Әкеме айтам". Ұшақ жолаушысы полицейлерге қарсылық көрсетті


Ұшақтан түскен мас жолаушы Барнаул (Ресей) әуежайында жанжал шығарды және ұсталған кезде полиция қызметкерлерін "әкеме айтамын" деп қорқытты. Бұл туралы Ресей ІІМ Сібір федералды округі бойынша көлік басқармасының сайтында жазылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Ресейдің ІІМ Сібір федералдық округінің көліктегі басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 25 наурызда болған. Свердлов облысының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде Барнаул әуежайындағы тіркеу орнында шу шығарып, әуекомпания қызметкерлерімен жанжалдасқан. 

Көлік полициясы бөліскен видеодан жолаушының құқық қорғау органдары қызметкерлерін "әкеме айтамын" деп "қорқытқанын", сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, өзін неге ұстағанының себебін сұрап жатқанын көруге болады.

Дәрігерлер жолаушыны тексерді және ол жеңіл мас күйінде болды деген қорытынды шығарды. Сот ресейлік азаматты әкімшілік құқықбұзушылық үшін кінәлі деп таныды. Оған қатысты бір күнге қамауға алу және айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.

Видеоның толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар. 




Осыған ұқсас мақалалар

Таиландта автобус өртенді: 3 ересек пен 2 бала қайтыс болды Таиландта автобус өртенді: 3 ересек пен 2 бала қайтыс болды
Израильге кіруге рұқсат етілетін туристердің санаты аталды Израильге кіруге рұқсат етілетін туристердің санаты аталды
Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақтар гүлдеді Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақтар гүлдеді